423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияда су бөгеті бұзылып, 50 адам қаза тапты

  • 1083
  • UPD: 11:41, 26.01.2019
Бразилияда су бөгеті бұзылып, 50 адам қаза тапты НьюИнформ

Бразилияның Минас-Жерайс штатында су бөгеті бұзылып, 50 адам қаза тапты. Тағы 200 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апат Брумадиньо қаласына жақын жердегі кен орнында болды. Жергілікті тау-кен компанияларының біріне тиесілі бөгет кеннен шыққан қалдықтарды ұстап тұрған. Апат кезінде кен орынында 300 жұмысшы болған. Бұған қоса, бөгеттен аққан лай-батпақ Вила Фортек мекенінің жартысын басып қалған. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жақын маңдағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Апаттың себептері анықталуда.

Еске сала кетейік, 2015 жылы да дәл осы аймақта тағы бір су бөгеті бұзылып, 19 адам опат болған еді.

Фабио Шварцман, Vale тау-кен компаниясының атқарушы директоры:

- Ең алдымен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамын. Біз әзірге апаттың қалай орын алғанын білмейміз. Қазір оны анықтап отыратын уақыт та емес деп санаймын. Бірақ міндетті түрде тергеу жүргізілетін болады және бұл мәселені шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы