419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда Мэйдің партиясына қаржылай қолдау азайды

  • 884
  • UPD: 21:23, 26.01.2019
Ұлыбританияда Мэйдің партиясына қаржылай қолдау азайды

Ұлыбританияда консерваторлардың кей демеушілері Тереза Мэй билігі аяқталғанша осы партияға қаржылай көмек көрсетуден бас тарта тұрмақ.

Бұған олардың Мэйдің басқару қабілетіне көңілдері толмауы себеп. Әсіресе премьердің Еуроодақтан шығу ісіндегі жұмысы көп наразылық тудырған. Бұл туралы «Зе Дэйли телеграф» газеті хабарлады. Салдарынан демеушілер Рождестводан кейін партияның қазынасына ешқандай қаржы бөлмеген. Бұған қоса бірқатар демеуші ақпан айында өтетін партия жиынына қатысудан бас тартқан.

Айта кетейік, Тереза Мэй Ұлыбританиядағы үкімет билігі тізгінін 2016 жылдың 13 шілдесінде қолына алды. Оған Еуроодақтан шығу туралы референдумның шешімі себеп болды. Бірақ брексит бойынша келіссөз көп қиындыққа тап болып, парламент үкіметтің одақтан шығу келісімін қабылдамай тастады.

Хабар 24 телеарнасы