405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


50 жастағы марафоншы 52 градус аязда 39 шақырымды жүгіріп өтті

  • 1059
  • UPD: 08:02, 27.01.2019

50 жастағы италиялық Паоло Вентурини Ресейдің Якутиясындағы сақылдаған сары аязда жүгіріп, мұрнын үсіріп алды.

Бірақ осыған қарамастан марафоншы минус 52 градуста 39 шақырым жерді 3 сағат 54 минутта жүгіріп өтіп, рекорд орнатты. Ал Вентурини бұл сапарға 1 жарым жыл дайындалып, ауа температурасы минус 60 градус болуын. Айта кетейік, бұл Падуя қаласында полицей болып қызмет ететін марафоншының экстремалды жағдайда алғаш жүгіруі емес. Италиялық жүгірушінің тізімінде 20 ультрамарафон бар. Мысалы, Паоло бұған дейін Иранның шөл даласында 52 градустық ыстықта да жүгірген.

Хабар 24 телеарнасы