378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда «Brexit» қарсыластарына пицца жеңілдікпен беріліп жатыр

  • 417
Ұлыбританияда «Brexit» қарсыластарына пицца жеңілдікпен беріліп жатыр

Лондонда дәмханалардың бірі Еуроодақтан шығу жөнінде екінші референдумы қолдайтындарға жеңілдік жасауға кірісті.

Ол үшін дәмханада өз округіңнің депутатының атын жазып берсең жеткілікті, пиццаны 25 пайыз жеңілдікпен алуға болады. Дәмхана қожайыны Оливер Кенни осылайша елдің саяси өміріне әсер еткісі келеді. Себебі ол Ұлыбританияның одақтан шығуына қарсы.

Оливер Кенни, Pizzeria Apollo дәмханасының қожайыны:

– Биыл жазда дәмханама ірімшікті қайдан алатынымды білмеймін. Мен оны Италиядан әкелетінмін. Бірақ еліміз одақтан шықса, оны тасымалдау қиынға соғайын деп тұр. Сондықтан 1 жылдық азығымды қалай дайындайтынымды білмеймін.

Ал Ұлыбритания парламенті бірнеше аптадан бері елдің Еуроодақтан шығу шарты бойынша келісімге келе алмай жатыр. Қауымдар палатасы Премьер-министр Тереза Мэйдің одақтан шығу бойынша алғашқы келісімін қабылдамай тастады. Сарапшылар енді Тұманды Альбион ортақ аймақтан келісімсіз де шығуы әбден мүмкін дегенді айтады. 

Хабар 24 телеарнасы