418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та Трампқа қарсы наразылық шеруі өтті

  • 850
АҚШ-та Трампқа қарсы наразылық шеруі өтті

АҚШ-тың Эль-Пасо қаласында президент Трамптың Мексикамен шекараға қабырға тұрғызуына қарсы наразылық шеруі өтті.

Көшеге шыққан тұрғындар Ақ үй басшысынан өзінің иммиграциялық саясатын өзгертуді талап етті. Себебі олар америкалықтар мен мексикалықтар ежелден еш кедергісіз араласып келе жатқан халық дейді. Ал Эль-Пасо қаласы екі елдің шекарасында орналасқан. Мұнда Мексиканың Сьюдад-Хуарес қаласымен байланыстыратын халықаралық көпір бар. Мұнымен екі мемлекет азаматтары жиі қатынайды. Еске сала кетейік, президент Дональд Трамп АҚШ пен Мексика арасындағы шекараға қабырға тұрғызуды қалайды. Осы үшін Ақ үй қожайыны конгресстен биылғы бюджетке 5,7 миллиард доллар қаржы бөлуді сұрап отыр. Алайда демократтар оған қарсы.

Луцеро Альва, жергілікті тұрғын:

– Эль-Пасо мен Сьюдад-Хуарес тұрғындары – бауырлас қалалар. Мысалы, мен шекараны аптасына 1-2 рет кесіп өтемін. Мұнда туған-туыстарым көп. Арамызды бөліп тастаса қалай болады. Біз бұған қарсымыз.

Фернандес Гарсия, жергілікті тұрғын:

– Біз де шекараны дуалмен бөлуге қарсымыз. Бұл өшпенділіктің, төзе алмаушылықтың белгісіне айналатын болады. Жалпы бұл теке тіресте Трамп ұтылады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы