423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия әскери базасына шабуыл жасалды

  • 1355
Түркия әскери базасына шабуыл жасалды

Ирактың Күрдістан аймағында жергілікті тұрғындар Түркияның әскери базасына шабуыл жасап, бір адам қаза тапты.

Тағы бірнеше тұрғын жарақат алды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, адамдар бұл арқылы түрік әуе күштерінің «Күрдістан жұмысшы партиясының» нысандарын атқылауына наразылығын білдірген. Бірақ ресми Анкара әрекетті осы ұйымның мүшелері жүзеге асырды деп отыр. Еске сала кетейік, қаңтардың 20-22-сі аралығында Түркияның әуе күштері Ирактағы «Күрдістан жұмысшы партиясының» нысандарына соққы беріп, ұйымның 21 мүшесі қаза тапты. Себебі Түркия оны лаңкестік ұйым деп санайды.

Хабар 24 телеарнасы