424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ленинградтың қоршаудан азат етілгеніне 75 жыл

  • 1880
  • UPD: 21:00, 27.01.2019
Ленинградтың қоршаудан азат етілгеніне 75 жыл

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шаһардың неміс қоршауынан азат етілуіне 75 жыл толуы аталып өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарайлар алаңында өткен салтанатты шараға 2 мың әскери қатысып, елдің соңғы үлгідегі қару-жарақтары көрсетілді. 12 градустық аязға қарамастан, оны көруге қала тұрғындары көп жиналды.

Айта кеткен жөн, неміс басқыншылары 1941 жылдың жазында Кеңестер Одағына лап қойған соң 8 қыркүйек күні Ленинград қаласын қоршауға алады. 900 күнге ұласқан ұрыста 400 мыңнан 1,5 миллионға жуық адам қаза тапқан. Кеңестер Одағы әскері шаһарды тек 1944 жылдың 27 қаңтарында ғана толық азат еткен.

Хабар 24 телеарнасы