384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мысырда пирамидаларға жақын маңда халықаралық әуежай ашылды

  • 519
  • UPD: 07:56, 28.01.2019
Мысырда пирамидаларға жақын маңда халықаралық әуежай ашылды

Египеттің Гиза қаласында жаңа халықаралық әуежай ашылды.

«Сфинкс» деп аталған әуежай әйгілі пирамидаларға жақын жерде жаңа орналасқан. Ол Каир әуежайының жұмысын жеңілдетіп, жергілікті туризмді жандандыруға бағытталған.

Айта кетейік, Египетте 2011 жылы болған «Араб көктемі» көтерілісінен кейін саяхатшылар қарасы азайып, туризм саласы құлдырап кетті. Ал 2015 жылы Шарм-әл-Шейхта ресейлік жолаушылар ұшағының жарылуы жағдайды тіпті нашарлатып жіберді. Содан Мысырдағы туризм тек былтыр оңала бастады. Бұл саланың кірісі 77 пайызға артып, 4 миллиард 800 миллион долларды құрады. 

Хабар 24 телеарнасы