384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссельде көлік жүйесі қалай жұмыс істейді?

  • 622
  • UPD: 10:47, 29.01.2019
Брюссельде көлік жүйесі қалай жұмыс істейді?

Брюссельде алғашқы трамвайлар мен автобустар XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Содан бері елдегі қоғамдық көлік жұмысы көптеген өзгеріске ұшырап, метро мен қалалық электр пойыздар қосылған. Олар таңғы 05:00-ден түнгі сағат 00:30-ға дейін жүреді. Ал осы уақытта үйіне жетуге үлгермегендер үшін түнгі бағдарлар бар. Көліктің барлық түріне билет ортақ. Оны бір сағат ішінде пайдалануға болады. Тіпті қала сыртына да жете аласыз. Тек аэропортқа ғана тариф бөлек. Жолаушылардың бір айға немесе бір жылға жол жүру билетін сатып алуға мүмкіндігі бар. Зейнеткерлер мен оқушыларға жеңілдіктер қарастырылған. Қоғамдық көлік жүйесінің ыңғайлығына қарамастан, оның жұмысына наразылық білдіретін адамдар да бар.

Янник Коме, Брюссель тұрғыны:

Брюссельдегі қоғамдық көлік жүйесін өзгелерге үлгі боларлықтай деп атауға болады. Дегенмен, дамытатын тұстары да бар. Кейде жүру кестесінен кешігіп келеді. Сол себептен автобустан трамвайға ауысып отыруға үлгермейсің, келесісін күтуге тура келеді. Лионда болғанмын, оларда метро бізге қарағанда жақсы дамыған. Бізде әлі ескі вагондар кездесіп тұрады, оларды ауыстыру керек.

Юсфи Фалек, Брюссель тұрғыны:

- Көлік жүйеміз жалпы жақсы, бірақ қарбалас кезде адам көп, ал трамвай мен автобустар аз болады. Уақытылы келеді, сол себептен оқуға жиі кешігіп жүрміз.

Хабар 24 телеарнасы