АҚШ билігі Венесуэла экономикасының негізгі өзегі болатын мемлекеттік мұнай-газ компаниясына санкция салды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сонымен қатар ресми Вашингтон әлем елдерін Хуан Гуайдоны Венесуэланың уақытша басшысы ретінде қабылдауға шақырды. Осылайша, құрама штаттары компанияның барлық активтеріне шектеу қойып, есепшоттарын бұғаттап, кез келген компаниялармен келісім жасауға тыйым салған. Ал АҚШ-тың қаржы министрі бұл әрекетті Венесуэла халқының игілігі үшін жасап жатқанын алға тартады.