383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Brexit бойынша дауыс берудің нәтижесі күтілуде

  • 340
  • UPD: 13:45, 29.01.2019
Brexit бойынша дауыс берудің нәтижесі күтілуде

Бүгін британдық депутаттар Біріккен Корольдіктің Еуроодақ құрамынан шығу мәселесін қайта қарастырмақ ниетте, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еурокомиссияның ресми өкілі Маргаритис Схинас Еуроодақ басшылары жаңадан дауыс берудің нәтижесін асыға күтетінін хабарлады. Парламенттегі кейбір саясаткерлер одақ құрамынан еш келісімсіз шығу жолын ұсынғалы отыр. Ал ондай жағдайда Ұлыбритания Кеден одағынан және Еуроодақтың бірыңғай нарығынан шығатын болады. Сонымен қатар одаққа саудаланатын британ тауарларына баж салығы енгізілмек. Бұл аздай, арадағы көлік қатынасы да қиындайтын көрінеді. Сарапшылар болса, бұның бәрі экономикалық қиындықтарды туғызуы әбден мүмкін деп пайымдап отыр.

Маргаритис Схинас, Еурокомиссияның ресми өкілі:

Ұлыбритания парламентіндегі сайлау немен аяқталатынын көрейік. Әліптің артын бағайық. Алдағы іс-әрекеттерімізді анықтап алудан бұрын дауыс беру қорытындысын күткеніміз абзал. Кейін Еуроодаққа мүше елдер өз пікірлерімен бөлісе отырар.

 

Хабар 24 телеарнасы