383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Huawei компаниясына жаңа айып тағылды

  • 568
  • UPD: 15:38, 29.01.2019
Huawei компаниясына жаңа айып тағылды

АҚШ-тың Әділет министрлігі Қытайдың Huawei Technologies алып компаниясы мен оның қаржы директоры Мэн Ваньчжоуды бірнеше қылмыстық іс бойынша айыптап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол алаяқтық пен T-Mobile америкалық компаниясының технологияларын ұрлады деген күдікке ілікті. Мэн Ваньчжоу өткен жылдың бірінші желтоқсанында Ванкувер қаласында тұтқындалған болатын. Ол кезде оған АҚШ-тың Иранға қарсы санкциясын бұзды деген айып тағылған еді. Бұдан кейін Канада мен Қытайдың өзара байланысына сызат түсті. Ал АҚШ-тың сауда министрлігі болса, Huawei компаниясына қатысты айып Вашингтон мен Пекиннің арасындағы сауда соғысына еш қатысы жоқ екенін айтады. Жуық арада Қытай делегациясы құрама штаттарына келіп, тараптар арасындағы сауда соғысына қатысты мәселеге ақырғы нүкте қоймақ ниетте.

Хабар 24 телеарнасы