389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде балабақша тәрбиешілері ереуілге шықты

  • 556
  • UPD: 22:18, 29.01.2019
Берлинде балабақша тәрбиешілері ереуілге шықты

Берлинде балабақша тәрбиешілері жаппай жұмысқа шығудан бас тартып, наразылық танытып жатыр.

Ереуіл кесірінен мектепке дейінгі білім берумен айналысатын 300-дей мекеме жабылып, мыңдаған бала үйде қалуға мәжбүр. Шараға қатысушылар жалақысын 200 еуроға арттыруды талап етіп отыр. Берлинде тәрбиешілердің орташа жалақысы бір жарым мың еуро төңірегінде. Осы аптада кәсіподақ пен мемлекет өкілдерінің айлықты көтеру жөнінде келіссөздері өтуі тиіс. Егер олар ымыраға келмесе, тәрбиешілер тағы да ереуілдететінін ескерткен. Берлине тәрбиешілер мен ұстаздар жетіспейді. Кәсіподақ өкілдерінің мәлімдеуінше, жалақыны арттыру арқылы осы мамандықтың беделін өсірмек. Наразы топты бастауыш сыныптардың мұғалімдері мен әлеуметтік қызметкерлер және ата-аналардың көбісі қолдаған. 

Майки Берлин, тұрғыны:

- Өзім ана болғандықтан, тәрбиешілер ереуілінен зардап шектім. Бірақ бұл шараны қолдаймын. Берлинде осы салада мамандар жетіспейді. Тәрбиешілерді демеу керек деп санаймын, өйткені бұл балаларымыздың тәрбиесіне, болашағымызға тікелей байланысты. Бағалы мамандар болғандықтан, жалақысын көтеру қажет деп ойлаймын. 

Удо Мертенс, кәсіподақ өкілі:

- Талабымызды билікке жеткізу үшін нақты белгі бердік. Ал құлақ аспаса, одан да ауқымды ереуілдер өткіземіз, оған 2 мың адам емес, едәуір көп халық шығады. Жұрттың көбісі бізді қолдап отыр, ата-аналарды алдын ала ескертуге тырыстық. Олар бізге түсіністікпен қарайды деген үмітіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы