388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда ереуілдерден 30-ға жуық адам қаза тапты

  • 535
Суданда ереуілдерден 30-ға жуық адам қаза тапты

Суданда да жаппай наразылық шаралары тыйылар емес.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ереуілдерден 30-ға жуық адам қаза тапты. Естеріңізде болса, Суданда өткен жылдың желтоқсанынан бастап халық жаппай бас көтеріп жатыр. Ашынған жұрт елдегі нан мен басқа да тауар түрлерінің қымбаттауына наразы. Қазір елдің кей аймақтарында төтенше жағдай жарияланды. Қала көшелеріне жиналғандарды тарату үшін тәртіп сақшылары күш көрсетуге мәжбүр. Бірақ дүрліккен жұрттың басылар түрі жоқ.

Хабар 24 телеарнасы