429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппиндегі мешіттердің бірінде жарылыс болып, 2 адам қаза тапты

  • 907
  • UPD: 12:09, 30.01.2019
Филиппиндегі мешіттердің бірінде жарылыс болып, 2 адам қаза тапты Podrobnosti.ua

Филиппиннің Минданао аралындағы мешіттің бірінде жарылыс болып, 2 адам қаза тапты.

Тағы 4 тұрғын жарақат алды. Оқиға Замбоанга қаласында болды. Белгісіз біреу мешітте діни тұлғалар бас қосып жатқанда, граната лақтырған. Шабуылды кімдер ұйымдастырғаны әзірге беймәлім. Қазір лаңкестер іздестірілп жатыр. Еске сала кетейік, өткен жексенбі күні осы елдің Сулу провинциясындағы шіркеуде лаңкестер 2 жарылыс жасап, 20 адам көз жұмып, 111 тұрғын жараланған еді. Ол кездегі терактіні «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мойнына алды.

Хабар 24 телеарнасы