428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясында нөсер салдарынан 12 адам қаза тапты

  • 936
  • UPD: 23:07, 30.01.2019
Сауд Арабиясында нөсер салдарынан 12 адам қаза тапты Twitter

Сауд Арабиясының солтүстігі мен батысында нөсер салдарынан қаза тапқандардың саны 12 адамға жетті.

Бұл туралы елдің азаматтық қорғаныс қызметі бүгін Twitter парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нөсер салдарынан Медине қаласында жеті адам қаза тапты, соның бірі корольдікте тұрақты тұратын шетелдік. Ал Джиддада үш адам, Хаиль ауданында екі адам мерт болды», - делінген хабарламада.

Сауд Арабиясының солтүстігі мен батысында жексенбіде басталған нөсер толастар емес. Жауын-шашын ақырындап ел астанасына жылжып келеді. Соңғы үш күнде аталған аудандардағы білім мекемелерінде сабақ болған жоқ. Жолдарда жаңбыр суы ағып кететін арықтар, қажетті инфрақұрылым болмағандықтан, су басқан жолдар кішігірім өзенге айналып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы