432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Музыкант дәрігерлер миына операция жасап жатқанда гитарада ойнаған

  • 929
  • UPD: 23:27, 30.01.2019
Музыкант дәрігерлер миына операция жасап жатқанда гитарада ойнаған RTVi

Дәрігерлер Оңтүстік Африка Республикасында джаз музыканты Мұса Мазинидің миындағы қатерлі ісігін алып тастау үшін операция жасап жатқанда ол гитарада ойнады, деп хабарлайды Қазақпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Дәрігерлер бас сүйегін тескенде, Мұса ұйқыда жатты. Ал ісікке жеткен кезде дәрігерлер науқасты оятты. Бұл ми қабығының картасын жасау үшін қажет болған.

Операция сәтті өтіп, дәрігерлер қатерлі ісіктің 90%-ын алып тастады.

Енді Мұса жаңа әндерін жазбақ болып отыр.

Айта кетейік, миға операция жасаудың ерекше тәсілі Алматының №7 ауруханасында да кеңінен қолданылады.

Мұндай операцияны бірнеше маман жұмыла отырып жасайды. Операция кезінде анестезиологиялық құрал науқас дәрігердің қарапайым сұрақтарына жауап бере алатындай етіп беріледі. Яғни, операцияның алдында науқас ұйқыға кетеді, нейрохирургиялық операция жасалып жатқанда ол оянып, дәрігерлермен сөйлеседі. Сосын жалпы анестезия беріліп, ол ұйқыға кеткен соң операция аяқталады. Ал науқас ауруын сезбейді.

Хабар 24 телеарнасы