383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХР АҚШ-ты райынан қайтуға шақырды

  • 413
  • UPD: 07:48, 31.01.2019
ҚХР АҚШ-ты райынан қайтуға шақырды

Қытай АҚШ-ты Huawei басшысын экстрадициялау жөніндегі райынан бас тартуға шақырды.

Бейжің Вашингтоннан қытайлық кәсіпорындарға қысым жасамауын талап етті. Осыған дейін АҚШ Huawei-дің қаржы директоры Мэн Ваньчжоуды экстрадициялау бойынша сұрау салған еді. Вашингтон қытайлық алпауыт компаниялар – Huawei мен Meng-ті коммерциялық құпияны ұрлады, банктерді алдады және санкцияны бұзды деп айыптады. Кәсіпорындарға қатысты қылмыстық істер жария болғаннан кейін Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің өкілі Гэн Шуан ресми мәлімдеме жасады. Ол «АҚШ қытайлық компанияларға әділ қарауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, біз өз кәсіпорындарымыздың заңды мүддесін қорғаймыз», – деді. Қытай АҚШ-тың райынан қайтып, Канададан Мэнді босатуды талап етті.

У Хунвэй, Шығыс Еуропа, Ресей, Орталық Азияны зерттеу институтының сарапшысы:

- Қытай бейбіт мақсатты ұстанғандықтан, әлемнің басқа елдеріне қауіп төндірмейді. Біз Канада үкіметінің тез арада Қытай халқы үшін әділ, әрі саналы шешім шығаратынын күтіп жүрміз. Канаданың Huawei үшін жасап отырған әрекеті заңсыз және ақылға қонымсыз. Олардың қытайлық азаматтарды қамайтын себебі де, дәлелі де жоқ. Мен Канада дұрыс шешім шығарады деп үміттенемін. 

Хабар 24 телеарнасы