418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда мигранттар уақытша баспанаға орналастырылды

  • 896
  • UPD: 09:54, 31.01.2019
Францияда мигранттар уақытша баспанаға орналастырылды

Франция астанасы Парижде тәртіп сақшылары көпір астында шоғырланған 300-ге жуық заңсыз мигрантты тауып, уақытша баспанаға орналастырды.

Мамандардың айтуынша, олар осы уақытқа дейін лас жерде, гигиеналық норманы сақтамай тұрып келген. Қазір босып жүргендерді дәрігерлер жіті тексеріп жатыр. Кейін жергілікті билік олардың кейінгі тағдырын шешетін болады.

Айта кетейік, елде жуырда ғана дәл осындай апатты лагерьлерден 500 келімсек эвакуацияланған болатын. Билік өкілдерінің айтуынша, бұндай операция алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Хабар 24 телеарнасы