418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ шатдауннан 11 млрд доллар шығынға батты

  • 729
  • UPD: 10:00, 31.01.2019
АҚШ шатдауннан 11 млрд доллар шығынға батты

Бұл туралы Конгрестің бюджет жөніндегі басқармасы мәлімдеді.

Елде желтоқсан айынан бері 800 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер жалақысыз жүр. Сарапшылардың айтуынша, 11 миллиардтың 8 миллиарды алдағы тоқсанда қызметкерлердің өз жұмысына оралғанынан кейін қалпына келеді.

Естеріңізге салайық, АҚШ-та шатдаун, яғни кей мемлекеттік органдардың уақытша жұмыс істемеуі 22 желтоқсан күні басталып, 25 қаңтарда аяқталды. Оған Трамптың Мексикамен шекарада қабырға тұрғызуға бюджеттен 5,7 миллиард доллар сұрауы себеп болды. 

Хабар 24 телеарнасы