383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кипрде Оңтүстік Еуропа елдері басшыларының саммиті өтті

  • 636
  • UPD: 15:17, 31.01.2019
Кипрде Оңтүстік Еуропа елдері басшыларының саммиті өтті

Ел астанасында өткен жиынға Грекия, Италия, Испания, Кипр, Мальта, Франция, Португалия қатысты, деп жазады «Хабар 24».

Басқосуда қауымдастық түрлі өзекті мәселелерді талқылады. Олардың арасында брексит пен заңсыз миграция бар. Осы ретте Италия премьер-министрі Джузеппе Конте «еуропалық құрылымдар заңсыз мигранттар мәселесін шешуде қауқарсыз екенін көрсетіп отыр» деп айтты. Ал Франция президенті Эммануэль Макрон бұл істе бірлесіп әрекет етудің маңыздылығын атап өтті. Саммит қорытындысы бойынша тараптар бірлескен құжатқа қол қойды.

Хабар 24 телеарнасы