385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ аймағында ет экспортына қатысты жанжал туды

  • 594
  • UPD: 14:42, 01.02.2019
Еуроодақ аймағында ет экспортына қатысты жанжал туды Hubs.ua

Еуроодақ аймағында ет экспортына қатысты жанжал туды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Польшада санитарлық тексерулер негізінде жабылған қасапханадан ортақ аймақтың 11 еліне бұзылған ет жеткізілген. Бұл туралы Еурокомиссия мәлімдеді. Оқиға жергілікті телеарнаның бірі Острув-Мазовецк қаласы маңындағы нысанға ауру сиырларды союға апара жатқаны жайлы хабар таратқан соң басталған. Польша билігінің мәлімдеуінше, қасапхана заңсыз жұмыс істеген. Ал малдар түнде сойылған. Нәтижесінде кәсіпорында өңделген 9,5 тонна еттің 2 жарымы одақ аумағына жіберілген. Қазір оқиғаға қатысты тергеу ісі жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы