385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда толассыз жауған жауын алапат су тасқынына ұласты

  • 611
  • UPD: 21:52, 02.02.2019
Австралияда толассыз жауған жауын алапат су тасқынына ұласты

Австралияның Таунсвилл қаласында да бірнеше күн бойы толассыз жауған жауынның салдары алапат су тасқынына ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік аймақтан 400-ден астам тұрғынды өзге жерге көшірді. Елдің екі бірдей штатында төтенше жағдай жарияланды. Сондай-ақ барлық тасжолдарда көлік қозғалысы тежелді. Мамандардың болжамы да көңіл көншітпей тұр. Айтуларынша, нөсер жауын алдағы аптаның соңына дейін жалғаспақ. Әзірге табиғат апатынан келген шығын көлемі есептелген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы