Толассыз жауған жауын салдарынан Боливия астанасы Ла-Пас қаласының маңында лай көшкіні жүрып жолда тұрған 6 көлікті басып өтті.
Салдарынан бірнеше адам мерт болды. Қазір қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр. Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасуда. Мамандар көшкін салдарынан апат орын алған жерге жету қиынға соғып тұрғанын айтады. Сонымен қатар, аймақта әлі де көшкіннің қайта басталу қаупі тұр.