Табиғат апатынан Англия мен Шотландияда көптеген мектептер уақытша жабылды.
Өңірде теміржол қатынасы тежелді, тас жолдар да жабық. Манчестер мен Ливерпуль әуежайларында рейстер кейінге шегеріліп, ұшып-қону жолақтары толығымен жабылды. Мамандар ауа температурасы -15 градусқа дейін жеткенін айтады. Айтуынша, бұндай аязды күн соңғы 12 жылда алғаш рет болып отыр.