383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда әуежайды жарып жібермек болған қаскөй қолға түсті

  • 427
  • UPD: 14:06, 03.02.2019
Австралияда әуежайды жарып жібермек болған қаскөй қолға түсті RT

Австралияның Брисбен қаласындағы белгісіз біреу әуежайға баса көктеп кіріп, ғимаратты жарып жібермекші болған.

Куәгерлердің айтуынша, қаскөйдің қолында темір қорапша болды. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жолаушылардың барлығын эвакуациялап үлгерді. Қаскөй болса қазір қамауда отыр. Абырой болғанда, адамдардың барлығы дін аман. Полиция ғимаратты жіті тексеріп жатыр. Әуежайдағы төтенше жағдай деңгейі әлі де сақталып тұр.

Айта кетейік, Брисбендегі халықаралық әуежай жолаушы айналымы бойынша Сидней мен Мельбурннан кейінгі орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы