388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентина жаңа жылды ай күнтізбесі бойынша атап өтті

  • 302
  • UPD: 09:12, 04.02.2019
Аргентина жаңа жылды ай күнтізбесі бойынша атап өтті

Буэнос-Айрес көшелерінде мерекелік шара ұйымдастырылып, түрлі қойылымдар көрсетілді. Биыл түрлі түсті айдаһарлардың салтанатты шеруі мен арыстандардың биі жергілікті тұрғындар мен туристерді мәз қылды.

Шараға жиналған халық аспан асты елінің ең басты мерекесін тамашалап, дәстүрлі әндерімен танысты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген қытайлықтар Аргентинаға қоныс аударған болатын. Қазір бұл елде олардың саны 120 мыңнан асады. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, мерекелік көңіл күй әсіресе этникалық қытайлықтар үшін ұйымдастырылды.

Хабар 24 телеарнасы