426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Мексикамен шекарадағы әскер санын арттырады

  • 980
  • UPD: 14:37, 04.02.2019

АҚШ Мексикамен шекарадағы әскер санын 6 есеге арттыратын болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Ақпарға қарағанда Пентагон Мексикамен шекараның оңтүстік-батыс бөлігіне қосымша 3 мың 750 жауынгер аттандырады.

Ресми өкілдердің айтуынша, бұл шекара-кеден қызметіне көмектесу үшін қажет. Әкерилер 90 күннің ішінде орналастырылмақ. Бұдан бөлек шекараға мобильді бақылау жүйесі орнатылып, тексеру бекеттерінің арасында 240 шақырым жерге сым темірлер тартылады. Айта кетейік, өткен аптада президент Дональд Трамп Твиттердегі парақшасында соңғы айда АҚШ-қа бет алған жаңа мигранттарға тосқауыл қою үшін қосымша әскерилер жұмылдыратынын хабарлаған. Себебі Мексика астанасынан Құрама Штаттарға қарай 2 мың 400 мигрант жөнелтілгені жөнінде ақпарат тараған еді.

Хабар 24 телеарнасы