421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сальвадордағы президент сайлауында басым дауыс жинаған үміткер анықталды

  • 911
  • UPD: 15:26, 04.02.2019
Сальвадордағы президент сайлауында басым дауыс жинаған үміткер анықталды

Сальвадорда өткен президенттік сайлауда «Халық бірлігі үшін үлкен одақ» партиясының кандидаты Наиб Букеле алда келеді. Қазірге дейін сайлау бюллетеньдерінің 87,4 пайызы саналып, дауыс берушілердің 53 пайызы Букелеге қолдау білдірген.

Ал оның қарсыласы «Республикалық ұлттық альянс» партиясының өкілі сайлаушылардың 31 пайыз дауысын жинаған. Айта кетейік, бұл Сальвадорда 1992 жылы азаматтық соғыс аяқталғаннан бергі 6-президенттік сайлау. Егер Букеле жеңіске жетсе елдегі билік солшыл күштерден консервативтердің қолына өтейін деп тұр. Ал жергілікті заң бойынша сайлауда жеңу үшін 50 пайыздан астам дауыс жинау керек.

Хабар 24 телеарнасы