385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде өрттен көз жұмғандар саны 7 адамға жетті

  • 536
  • UPD: 16:44, 04.02.2019
Мәскеуде өрттен көз жұмғандар саны 7 адамға жетті © Sputnik / Рамиль Ситдиков

Мәскеудегі тарихи тұрғын үй өртінен көз жұмғандар саны 7 адамға жетті.

Жетінші адамның денесі Мәскеу орталығындағы Никитск бульварында болған өрт орнынан табылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Мәскеуде XX ғасырдың бас кезінде салынған тұрғын үй өртеніп, 7 адам қаза тапты.

Тарихи ғимараттағы өрт жергілікті уақытпен түнгі сағат 4-тер шамасында басталған. Нәтижесінде кейбір қабаттағы төбелер құлаған. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, лаулаған жалын толық сөндірілген.

Хабар 24 телеарнасы