387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда лай көшкінінен 16 адам қаза тапты

  • 326
  • UPD: 17:14, 04.02.2019
Боливияда лай көшкінінен 16 адам қаза тапты

Боливияның шығысында лай көшкіні жүріп, 16 адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға демалыс күндері болған. Каранави елді мекені мен Йолосита ауылын қосатын жолда сенбі күні лай мен тас араласқан көшкін жүрген. Каранави мэрі Даниэль Паукараның айтуынша, бірінші көшкіннен 16 тұрғын қаза тапқан. Екінші апаттан келген адам шығыны анықталып жатыр. Боливия президенті Эво Моралес Twitter парақшасында табиғи апаттан көз жұмғандардың жақындарына қайғырып, көңіл айтты.

Хабар 24 телеарнасы