Могадишо қаласындағы сауда орталықтарының бірінде теракт болып, салдарынан 11 адам қаза тапты.
Зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, миналанған автокөлік Сомали астанасының орталығында орналасқан мейрамханалар мен дүкендердің аумағына басып кірген. Жарылыс салдарынан бір нысан мен тұрақта тұрған төрт көлікке щақым келді. Ресми ақпарға сай, қайғылы оқиғаны «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.