384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейжіңде пиротехникалық заттарға қатысты қауіпсіздік күшейтілді

  • 573
  • UPD: 23:31, 04.02.2019
Бейжіңде пиротехникалық заттарға қатысты қауіпсіздік күшейтілді НТВ

Қытайда Чуньцзе мерекесі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай Бейжің билігі Жаңа жыл қарсаңында отшашуға байланысты қауіпсіздікті күшейтті. Енді түрлі пиротехникалық заттарды сатып алу үшін бейжіңдіктер төлқұжатын көрсетуі тиіс. Нарықты реттеу басқармасы отшашулардың сапасын тексеріп, заңсыз сату мен сақтау әрекеттеріне тосқауыл қойып жатыр. Провинциялық деңгейдегі 6 әкімшілікке арнайы рейд өткізілген. Нәтижесінде пиротехникалық заттардың 15 пайыздан астамы талапқа сай болмай шықты. Қытайдың Ай күнтізбесі бойынша тойланатын Жаңа жыл мерекесі отшашу дәстүрімен басталады. Алайда соңғы кездері ауаның ластануы мен қауіпсіздікті күшейту мақсатында оған шектеу қойылып жатыр. Жалпы биыл Қытайдың 800-ден астам қаласында оны пайдалануға тыйым салынды.

Сунь Сияочжэн, Бейжің тұрғыны:

- Биыл түрлі тарсылдақтар сататын жерлер былтырға қарағанда аз екен. Кезек те жоқ. Мен негізінен жерде айналатын отшашулар сатып алдым. Олар аспанға ұшатынына қарағанда қауіпсіз. Балалар үшін аласың, мейрам сезілсін деп.

Хабар 24 телеарнасы