389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэладағы дағдарыс: Хуан Гуайдо Уругвайдағы келіссөзден неге бас тартты?

  • 561
Венесуэладағы дағдарыс: Хуан Гуайдо Уругвайдағы келіссөзден неге бас тартты? BBC.com

Лима тобына кіретін 14 елдің 11-і Венесуэла әскерінен оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдоны қолдауға шақырды.

Ұйым сондай-ақ әскерилерден шетелден Венесуэлаға жіберілетін гуманитарлық көмекке кедергі келтірмеуді сұрады. Және де Мадуро билігінің Венесуэланың шетелдегі алтын қорын пайдалануына тыйым салуға шақырды. Бірақ аталған топ бұл мемлекеттегі жағдайды шешу үшін еш күш қолданбайтынын жеткізді. Ал оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо елдегі жағдайды реттеуге қатысты Уругвайда ұйымдастырылмақ келіссөзге қатысудан бас тартты. Оның орынына Гуайдо ақпанның 14-і күні Вашингтонда гуманитарлық көмек туралы конференция өткізуді көздеп отыр.

Христия Фриланд, Канада сыртқы істер министрі:

– Лима тобы Венесуэланың уақытша президенті деп таниды. Бұл біздің  Венесуэла халқының демократияға деген құқығына қолдау көрсететінімізді білдіреді. Біз Венесуэладағы жағдайдың бейбіт жолмен және әділ сайлау арқылы шешілуін қалаймыз.

Айта кетейік, Венесуэлада толқулар қаңтардың 21-і күні басталған. Ал 2 күннен кейін Ұлттық Ассамблея спикері болған Хуан Гуайдо өзін уақытша президент деп жариялады. Оны әлемнің бірқатар елі таныды.

Хабар 24 телеарнасы