386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилиядағы апаттан қаза тапқандар саны 134-ке жетті

  • 453
Бразилиядағы апаттан қаза тапқандар саны 134-ке жетті

Бразилияның оңтүстік-шығысындағы тау кенінде су бөгетінің бұзылуынан қаза тапқандардың саны тағы артып, 134-ке жетті.

Олардың бәрінің аты-жөні анықталған. Тағы 200-дей тұрғын із-түзсіз жоғалып, табылмай жатыр. Бұл туралы Минас-Жерайс штатының азаматтық қорғаныс жөніндегі қызметі мәлімдеді. Апат орын алған жерде құтқару-іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Еске сала кетейік, қаңтардың 27-сі күні Бразилияның Минас Жерайс штатындағы «Вале» тау кен компаниясына қарасты су бөгетінің бірі жарылып, жақын маңдағы мекендерді басып қалды. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр. Бұған дейін оның құрылысын жүргізген 5 адамның тұтқындалғаны туралы хабарланған. Ал компания өзінің қарамағындағы он бөгетті жабатын болып шешті.

Хабар 24 телеарнасы