425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияда 80 шаршы метрге созылған солтүстік шұғыласын көруге болады

  • 812
Данияда 80 шаршы метрге созылған солтүстік шұғыласын көруге болады

Дания астанасында дәстүрлі шамдар фестивалі басталып, Копенгаген қызықты жарық шоулар құшағына енді.

Шара шаһардың барлық көшелерінде өтіп жатыр. Бірақ басты кеш қаланың Тиволи саябағында жүруде. Мұнда қала қонақтары мен тұрғындардың назарына түрлі лазерлік шоулар мен жарықпен жасалатын бейнелер көрсетілуде. Мысалы, 80 шаршы метрге созылған солтүстік шұғыласын көре аласыз. Шараны ұйымдастырушылар фестиваль адамдардың қазіргі қараңғы мезгілде адамдардың көңілін көтеріп серпілтуге көмектеседі дейді. Себебі бұл елде ақпан айында күн ерте батып, кеш шығады.

Джеспер Консхауг, фестивальді ұйымдастырушы:

– Ақпан – нағыз шамдар фестивалін ұйымдастыратын мезгіл. Өйткені осы айдағы қараңғылық шоулардың жарық әрі әсем етіп қоюға мүмкіндік береді.

Джоэль Йео, сингапурлық студент:

– Шара қаланы түрлендіріп жіберді. Ғимараттарға жарық түсіріліп, әдетте қараңғы болып тұратын нысандар жарқырап, керемет әсер етеді екен.

Хабар 24 телеарнасы