387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде бомба туралы ақпараттан 90 ғимарат тексерілді

  • 409
  • UPD: 11:16, 06.02.2019
Мәскеуде бомба туралы ақпараттан 90 ғимарат тексерілді

Мәскеу тұрғындарының берекесі кетті.

Бомба ортанылғаны туралы телефон арқылы түскен хабарландырулардың салдарынан 90 ғимарат тексеріліп, 30 мыңнан аса адам сыртқа шығарылды. Арнайы қызметтерге осындай 200-ге жуық жалған хабар түскен. Тізімде мектептер, университеттер, ондаған сауда орталығы, тіпті Мәскеу облысының үкіметі де бар. Қаңтар айының соңында телефон лаңкестерінен Ресейдің бірқатар қаласында да жұрттың мазасы кеткен. Сібір мен Қиыр Шығыстың бірнеше аймағында, Самара, Пермь мен Орынбор және Татарстан мен Башқұртстан қалаларында жалған дабыл қағылған болатын. 

Хабар 24 телеарнасы