419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Germania әуе компаниясы банкротқа ұшырады

  • 898
  • UPD: 11:20, 06.02.2019
Germania әуе компаниясы банкротқа ұшырады

Лоукостер жоспарланған барлық рейстерін тоқтатты.

Неміс әуе компаниясы Еуропа бойынша және Африка мен Таяу Шығыс елдері арасында жылына төрт миллион жолаушыны тасымалдап келген. «Себеп – жанармай бағасының қымбаттауы мен валютаның сан құбылуы», – дейді бас директор. Карстен Балке жұмысынан айырылып қалған қызметкерлер мен жолда қалып қойған жолаушылардан кешірім сұрады. Көмек ретінде Lufthansa  әуе компаниясы зардап шеккен жолаушыларға ақпан айының соңына дейін билетті жеңілдікпен алуға мүмкіндік берді. Десе де жолаушылар рейстің тоқтатылғанынан хабарсыз болып шыққан.

Деннис Зингбуш, жолаушы:

- Таңертең ұшақтағы орнымды ауыстыру үшін сайтқа кірдім. Сөйтсем рейсті кейінге қалдырыпты. Басқа рейстен орын беретін шығар деп ойладық. Бірақ олай болмады.

Ирис Фенске, жолаушы:

- Бізді басқа ұшаққа отырғызама түсінбей тұрмын. Себебі Мысырға демалысқа ұшып баруым керек. Қонақ үйден орын алып, ақысын төлеп қойғанмын. Енді не істерімді білмеймін. Ешкім келіп түсіндірер емес.

Хабар 24 телеарнасы