427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия мен Грекия екі ел арасындағы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге келісті

  • 1641
Түркия мен Грекия екі ел арасындағы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге келісті Trend.Az

Түркия мен Грекия екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, барлық мәселені бейбіт жолмен шешуге ниет білдірді.

Мұндай уағдаластыққа Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Грекия Премьер-министрі Алексис Ципрас Анкарада өткен кездесуде қол жеткізді. Қос тарап екі ел арасындағы шиеленісті алдымен Сыртқы істер және Қорғаныс министрлігінің ынтымақтастық орнатуымен бәсеңдетуді қолға алмақшы. «Бұл өзара сенімнің нығаюына әкелуі тиіс», – дейді олар. Басқосуда 2016 жылы Түркияда төңкеріске қатысып, Грекияға бас сауғалаған әскерилер мәселесі де көтерілді.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

– Біз Грекияның Фетхуллах Гюлен, Күрдістан жұмысшы партиясы сынды лаңкестік ұйым мүшелері үшін қауіпсіз елге айналмауын қалаймыз. Бұл мәселені шешуде Афинамен ынтымақтастығымыз күшейеді деп сенеміз.

Алексис Ципрас, Грекия премьер-министрі:

– Грекияның өз құқықтық жүйесі бар. Биліктің бөліну принципі – конституциямыздың ажырамас бөлігі. Сондықтан біз грек соты шығарған шешімді құрметтеуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы