388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда енді министрлер депутаттардың мақұлдауымен тағайындалады

  • 605
Өзбекстанда енді министрлер депутаттардың мақұлдауымен тағайындалады

Өзбекстанда бұдан былай министрлер мен комитет басшылары депутаттардың мақұлдауымен тағайындалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тізімде тіпті вице-премьерлер де бар. Көрші елдің басшысы жуырда осындай жарлыққа қол қойды. Соның негізінде Президент ұсынған кандидаттар депутаттардың алдында өздері әзірлеген арнайы жобаларын қорғап шығулары керек. «Болашақ шенеуніктер Өзбекстан заңнамалары мен экономикалық қырларын жетік меңгеріп, инновациялық жаңалықтар енгізіп жатса тіптен жақсы», – дейді депуттар. Оған қоса ендігі жерде үкімет басшысы қарамағындағылармен бірлесе отырып, Президент жолдауында айтылған міндеттемелер мен арнайы бағдарламалардың орындалуы жөнінде тоқсан сайын депутатар алдында есеп береді. «Бұл экономикалық сектор мен әлеуметтің әлеуетін арттырып, ұзақ мерзімді стратегиялардың орындалуына жол ашады», – дейді халық сенім артқан депутат.

Расул Кушербаев, Өзбекстан парламентінің депутаты:

– Әрбір мекеме басшысы өздері жасаған жаңа жоспарларын жүзеге асыруға тырысады. Сол бағдарламалары көпшіліктің көзқарасымен қаншалықты сәйкес келеді. Жұрттың көкейінде жүрген сауалдарды қаншалықты деңгейде қамти алады деген сұрақтар бар. Яғни тағайындалған уақытта өздері зәру деп тапқан мәселені ғана емес, депутаттар мен адамдар көтерген күн тәртібіндегі өзекті мәселені тездетіп шешуге мәжбүр болады. Демек туындаған сауалдардың дер кезінде шешімін тауып, оның уақытылы орындалуына жәрдем береді.

Хабар 24 телеарнасы