389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстіккореялықтар Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды қалай қарсы алады?

  • 668
Оңтүстіккореялықтар Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды қалай қарсы алады?

Оңтүстіккореялықтар Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мейрамды ел тұрғындары дәстүр бойынша туыстарымен бірге тойлайды. Сол себептен, қалааралық күре жолдарда қарбалас. Осы мерекеде тұрғындар жеті күн, яғни бірінші ақпаннан жетінші ақпанға дейін демалады. Бұл – ең ұзақ демалыс күндері. Жаңа жылда корейлер токкук деп аталатын сорпа дайындайды. Бұл тағам – ұзақ өмір мен дәулеттің нышаны. Сондай-ақ аруақтарға арнап та дастархан жайылады. Алайда жылдан жылға дәстүрлерді сақтайтын адамдар саны азайып келеді. Бұл елде христиан дінін ұстанатындар санының артуына байланысты. Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды негізінен буддистер тойлайды. Ресми мәлімет бойынша, Оңтүстік Корея халқының 56 проценттен астамы – атеис, 20 проценті – протестант, ал он бес проценттен астамы – буддист, сегіз ппроценті өзін католик санайды.

Шин Сон Гюн, Сеул тұрғыны:

– Өкінішке орай, жас ұрпақ дәстүрімізді толық сақтамайды. Мен мейрамға ұлттық киімімізді киіп шықтым. Әдетте мейрам күндері үлкендер тұратын шаңырақта балалары мен жақындары жиналатын. Ұлым бар, мерекені бірге қарсы алғанымызға ризамыз. Бұл – конфуциялық дәстүрлер және балалардың ата-аналарына көрсететін құрметі.

Хабар 24 телеарнасы