388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа Зеландияда орман өрті өршіді

  • 297
  • UPD: 07:53, 07.02.2019
Жаңа Зеландияда орман өрті өршіді

Жаңа Зеландияның оңтүстік аралында басталған өрт күшейіп, мың гектардан астам жер қызыл жалынға орады. Келген қатерге байланысты билік өкілдері Тасман ауданындағы 170 үйдің тұрғынын эвакуациялады.

Олар азаматтық қорғаныс орталықтарына орналастырылды. Өрт бірнеше ғимараттың күлін көкке ұшырған. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпар жоқ. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін 12 өрт сөндірушілер тобы, 10 тікұшақ және екі ұшақ тартылды. Төтенше жағдай қызметкерлерінің хабарлауынша өртті сөндіру үшін төрт күндей уақыт кетуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы