387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚШҰ штаб басшысы: АҚШ-тың зымырандарға қатысты келісімнен шығуы ескеріледі

  • 490
  • UPD: 08:48, 07.02.2019

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы АҚШ-тың орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою келісімінен шығуына байланысты ықтимал қатерлерді ескереді.

Бұл туралы ұйымның Біріккен Штаб басшысы Анатолий Сидоров мәлімдеген. Еске сала кетсек, Дональд Трамп АҚШ осы екі жақты келісімнен шығатынын жариялаған еді. Жауап ретінде Владимир Путин  Ресей де осы келісімді тоқтататынын мәлімдеді. Мәскеуде өткен брифинг барысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының өкілдері 2019 жылға қойылған мақсаттарды баяндап, Ұжымдық күштердің бірлескен дайындығын қорытындылады. Өткен жылы Ұйымның ауқымды жаттығулары Қазақстан, Ресей, Қырғызстан мен Тәжікістан аумағында өткен болатын.

Анатолий Сидоров, ҰҚШҰ біріккен штабының басшысы:

- Ұйымның ұжымдық күштер құрамына дайындығы мықты, қару, техника мен байланыс құралдарының ең озық үлгілерімен жабдықталған әскери бөлімдер кіреді. Бұл ұйымға мүше бүкіл мемлекеттердің соғыс әрекеттеріне әзір топтары. Атап айтсақ, қазақстандық жауынгерлердің кәсіби дайындығы өте жоғары деңгейде.

Хабар 24 телеарнасы