379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде 1886 жылы ашылған қылыштасу мектебі жұмыс істейді

  • 918
  • UPD: 22:05, 07.02.2019
Парижде 1886 жылы ашылған қылыштасу мектебі жұмыс істейді

Қылыштасу өнерін сақтап қалған көне мектеп – Париждегі үйірме.

«Салль Дам Кудюрье» орталығы 1886 жылы ашылған. Мұндағы шеберлердің айтуынша, қылыштасу тек спорт қана емес, өнердің төресі саналады. Дәстүр бойынша үйірмеге қатысушылар алғашқы айларда қарсыластың шабуылынан қашып, төтеп беруді үйренеді. Содан кейін ғана шабуыл түрлерін меңгереді. Мектептің тағы бір қағидасы әрбір қатысушы суық қаруды оң қолымен де, сол қолымен де ұстай алуы керек.

Жан Пьер де Пинель де Ля Толь, қылыштасу пәнінің мұғалімі:

- Алғашында бұл өнер мен спорттың қосындысы болған. Қазір тек спорт түріне жатады. Физикалық күшке басымдық берілген. Ал алғашында қылыш ұстаудың техникасы маңызды рөл ойнаушы еді. Қазіргі қылыштасу үйірмелерінің көбісі техниканы үйретпейді.

Хабар 24 телеарнасы