389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда шетел валютасын заңсыз сатушыларға жаза күшейтілді

  • 619
Өзбекстанда шетел валютасын заңсыз сатушыларға жаза күшейтілді

Өзбекстанда шетел валютасын заңсыз сатумен айналысушылар бір жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені көрші ел қылмыстық кодекске өзгерістер енгізді. Бұған дейін заң бұзушылар тек қоғамдық жұмысқа жегілу сияқты оңай жазамен құтылатын. Оған қоса әкімшілік айыппұл мөлшері де еселеп артқан. Бұған дейін кінәлі адам 75 айлық есептік көршеткіш көлемінде, яғни 15 миллион сум айыппұл төлейтін. Қазір бұл сомма 100 ден 300 айлық есептік көрсеткішке дейін артты. Егер қайталанған жағдайда соңы түрмемен аяқталуы мүмкін. Өзбекстанда 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап банкілерде валютаны еркін айырбастауға рұқсат берілді. Есесіне көлеңкелі бизнеске тыйым салынды. Өткен жылы Өзбекстанда 2 мыңға жуық шетел валютасын заңсыз сату фактісі анықталып, 2,8 миллион доллар мен 6,7 миллиард сум тәркіленген. Ал жыл басынан бері осындай бес заң бұзушылық тіркелді.

Шерзод Зиёев, саясаттанушы:

– Валюта саудасына шек қою соңғы кездері мықтап қолға алынды. Бұл бірінші кезекте Өзбекстанға деген сенімділікті арттырады. Екіншіден, экономикалық өсім болады. Мемлекеттік ірі және шетелдік банкілер ашық саясат ұстанып, валютаны еркін айырбастауға көшті. Дегенмен әлі күнге дейін қара базарларда шетел валютасының сатылуы кездеседі. Меніңше, банктер мен айырбастау орындарының санын бұдан да арттыру керек. Бұл туристік саясатты жетілдіріп, Өзбекстанның экономикалық деңгейін одан әрі арттыруға негіз болады.

Хабар 24 телеарнасы