421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ штаб-пәтерінде ерекше форум өтті

  • 996
БҰҰ штаб-пәтерінде ерекше форум өтті

БҰҰ штаб-пәтерінде Дипломаттар мен жастар және сән саласының өкілдері қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатысушылардың айтуынша, сән саласы экономикаға және табиғи қорларға үлкен әсер етеді. Сондықтан тауарлар өндірісі қоршаған ортаға зиян келтірмеуі керек. Және моданың дамуына жастар айтарлықтай ықпал етеді. Бұл туралы тіпті америкалық ғарышкер де өз пікірін білдірді.

Леланд Мелвин, NASA астронавты:

– Ғарыш орбитасының биігінен айтарым, жас ұрпаққа өткенге қарау және шетелдік әріптестерімен бірлесіп істеудің маңызы зор. Ғарыш стансасында менімен бірге Германия мен Ресей өкілдері жұмыс істеген, біздің бір ұжымда істегеніміз өте маңызды. Жастар бір-бірін түсініп, тіл табысса, бұл ғаламымызды сақтап қалады. Өйткені ауа райының өзгеруі сияқты мәселелер адамдардан туындайды.

Хабар 24 телеарнасы