10 миллион доллар. Дәл осындай қаржы Гонконгте ай күнтізбесіне сай өтетін жаңажылдық отшашуларды ұйымдастыруға жұмсалды.
Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Ал мерекелік шараны 300 мың адам көрген. Жергілікті тұрғындар мен шетелдік қонақтар шоуды жіберіп алмау үшін жағалауларға бірнеше сағат бұрын жиналды. 23 минутқа созылған қойылым кезінде көккке 4 жарым мың тонна отшашу атылып, Қытай мәдениетінде сәттілік саны саналатын «8» бейнеленді.