419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ыстамбұлдағы апат: Қаза тапқандар саны артты

  • 729
Ыстамбұлдағы апат: Қаза тапқандар саны артты

Ыстамбұлда көпқабатты тұрғын үйдің құлауынан қаза тапқандар саны артып, 6 адамға жетті.

Тағы 13 адам жарақат алған. Кеше мамандар қирандылар астында 18 сағат болған 5 жасар қызды құтқарып алды. Әзірге бүлдіршіннің жағдайы туралы ақпарат жоқ. Еске сала кетейік, кеше Ыстамбұлда 8 қабатты тұрғын үй құлаған болатын. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, онда 43 адам өмір сүріп жатқан. Алдын ала тергеуге қарағанда апатқа қосымша қабаттардың салынуы себеп. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, жақын маңдағы ғимараттар тексеріле бастады.

Хабар 24 телеарнасы