Швецияда норвегиялық жолаушылар ұшағы бомба жасырынған деген қауіппен Стокгольмдегі әуежайға қайта оралды.
Дабыл әуе кемесе Арланда әуежайынан ұшып шыққаннан кейін 1 сағаттан соң қағылды. Салдарынан экипаж ұшақты дереу кері қайтарды. Жолаушылар эвакуацияланып, жан-жақты тексеру жүргізілді. Әзірге бомба туралы нақты ақпарат жоқ. Ал Францияның Ницца қаласына бет алған әуе көлігіндегі жолаушылардың арасында Швецияның жүзушілер құрамасы да болған. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.