384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перу мен Чилидегі елді мекендерді су басты

  • 515
Перу мен Чилидегі елді мекендерді су басты

Перу мен Чилиде нөсер жауыннан өзендер арнасынан асып, елді мекендерді су басты.

Перуде табиғат апатынан 10 адам қаза тауып, 14 тұрғын жарақат алды. 1 жарым мың үй мен 20-дан астам көпір бүлінген. Әсіресе ауыл шаруашылық алқаптарына көп нұқсан келген. Жергілікті билік жапа шеккен аудандарға ондаған мың тонна азық-түлік жеткізуде. Чилиде де дәл осындай жағдай. Мұнда тасқыннан көптеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бірақ әзірге табиғат апатынан қанша адамның зардап шеккені туралы ақпарат жоқ.

Хабар 24 телеарнасы